Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жапырақ
Жапырақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенбі, 22 қазанда Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, ал Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Бүгінгі ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Астанада жаңбыр жауады, термометрлер +11, ..+13 градусты көрсетеді. Елордалықтарға мамандар желдің секундына 9-14 метрге дейін ұйытқитыны, оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейетіні туралы да ескертеді.

Ал Алматыда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Бүгін оңтүстік астанадағы ауа температурасы +20 ,..+22 градусқа дейін көтеріледі, ал желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін болады.

Шымкент тұрғындарын да жылы ауа райы күтіп тұр. Үшінші мегаполисте термометрлердің бағаны +26,..+28 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын күтілмейді. Алайда, мамандар қала тұрғындарына 8-13 м/с дейін ұйытқитын, екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел туралы ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993861-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel