Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Бақытгүл Хаменованы үй қамаққа жіберуден бас тартты

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова сот залында
Бақытгүл Хаменова сот залында. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Кеше, 21 қазан күні Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Адвокат оны тергеу изоляторынан босатуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша өткен кезекті сот отырысында адвокат оны тергеу изоляторынан үй қамағына жіберуді немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды сұрады. Бірақ судья айыптың ауырлығына байланысты өтініштен бас тартты.

Еске салайық, Хаменова 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді. Бұған дейін сотта кейбір мәліметтер айтылған болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін сотталушылардың бірі Ақылбек Рысқалиев Хаменоваға қарсы Антикордың нұсқауы бойынша куәлік еткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993902-sot-baqytgul-xamenovany-ui-qamaqqa-ziberuden-bas-tartty/

pixel