Қостанайда алғашқы қар жауды (фото, видео)

Опубликовано:

Қостанай
Қостанайға жауған қар. Фото: instagram.com/kustanay_news

Қостанайда күзгі жаңбырдың соңы қарға ұласты. Қостанайлықтар әлеуметтік желіде алғашқы қардың фотосы мен видеосын бөлісуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, синоптиктер бұған дейін Қостанайда қар жексенбі, 23 қазанда жаууы мүмкін екенін болжаған. Алайда ақ ұлпа қар ертерек түскен.

Сондай-ақ метеорологдың мәліметінше, сенбі-жексенбі күндері Қостанай облысында жел күшейіп, екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.

Одан бөлек өңірде жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ күтілуде. Ал дүйсенбі, 24 қазанда облыста күн ашылады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994009-qostanaida-algasqy-qar-zaudy-foto-video/