Қазақстандықтар eGov порталының қызметтерін уақытша пайдалана алмайды
Опубликовано:

Қазақстандықтар техникалық жұмыстарға байланысты eGov электронды үкімет порталының қызметтерін уақытша пайдалана алмайды. Бұл туралы портал ресми Telegram-арнасында хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, 22 қазан күні кешкі уақыттан бастап электронды үкімет платформасында 10 сағат бойы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
"2022 жылғы 22 қазан сағат 21:00-ден 2022 жылғы 23 қазан сағат 07:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, наурыз айында порталға кіру ережелері өзгергенін хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994019-qazaqstandyqtar-egov-portalynyn-qyzmetterin-uaqytsa-paidalana-almaidy/