Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Опубликовано:

Атырау облысында жол апатында 5 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апатында 5 адам қаза тапты. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 22 қазан күні сағат 15.00 шамасында орын алған.

"Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994042-atyrau-oblysynda-zol-apatynda-5-adam-qaza-tapty/

pixel