Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар, жаңбыр": Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жауын
Жаңбырлы күні көлік жүргізіп отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 23 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады "Қазгидромет" РМК.

Бүгін Астанада қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қалада күндіз ауа температурасы 0...+2 градус, ал түнде -4...-6 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер Алматыда да жаңбыр жауады деп отыр. Күндіз ауа температурасы +10...+12 градусты көрсетсе, ал түнде +3...+5 градус болады деп күтілуде.

Бүгін Шымкенте де жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +11...+13 градус түнде +4...+6 градус болады деп болжануда.

Сонымен қатар синоптиктер 23 қазанда Қазақстанның үш ірі қаласында да жел болатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994060-qar-zanbyr-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel