Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі колледждің студенттері арасында жаппай төбелес болды: Полиция пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Жаппай төбелес
Студенттер арасындағы жаппай төбелес. Видеодан кадр: instagram.com/krispi_almaty

Кеше, 22 қазанда Алматыда екі колледж студенттері арасында жаппай төбелес болды. Бұған қатысты полиция деапртаменті пікір білдірді, деп жазады Polisia.kz ресми

22 қазанда 102 арнасына Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастар арасында төбелестің орын алғаны туралы хабарлама түскен.

"Дабылға бірінші болып патрульдік полиция экипаждары ден қойды. Олар төбелесті тоқтатты. Екі колледждің білім алушылары арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның шығу себебі нақтыланатын болады. Зардап шеккендер жоқ. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне Заңнамаға сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994076-almatyda-eki-kolledzdin-studentteri-arasynda-zappai-tobeles-boldy-policiya-pikir-bildirdi-video/

pixel