Мешітте телефон ұрлады деген күдікке ілінген астаналық ұсталды

Опубликовано:

мешіттің сыртқы жағы
Видеодан кадр: Алматы телеарнасы

Астанада мешітте телефон ұрлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонының ұрланғанын айтып, шағым түсірген. Ол смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған екен. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтаған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алыпсатарларға сатып үлгерген. Полицейлер оның мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994102-mesitte-telefon-urlady-degen-kudikke-ilingen-astanalyq-ustaldy/