Өскеменде зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды

Опубликовано:

Қайтыс болған адамның қарызын кім төлейді
Зират басы. Фото: ult.kz

Өскемен қаласында зираттарды бүлдірген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде тәртіп сақшыларына зираттағы вандализм фактісі туралы ақпарат түскен.

”Белгісіз біреулер ”Аблакетка“ шағын ауданындағы зиратқа зақым келтірген. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады. 23 және 30 жастағы екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді”, - делінген ақпаратта.

Анықталғандай, олар бұрын да зираттар орналасқан басқа жерлерде байқалған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Олардың зиратты не себепті бүлдіргендері әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994122-oskemende-zirattardy-buldirgen-eki-er-adam-ustaldy/