Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО прокуратурасы Риддердегі ЖЭО басшылығына қатысты тексеруді бастады

Опубликовано:

прокуратура756
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддердегі жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында болған төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, мәселе аймақ басшысы Даниал Ахметовтың жеке бақылауында.

"ШҚО прокуратурасы жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады. Халықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Орталық қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленген", - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, кеше Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған.

Орталықтағы төтенше жағдай сапасыз мазут салдарынан болғаны анықталды. ЖЭО басшылығының салғырттығынан мазут дұрыс тексерілмеген. Белгілі болғандай, оған су қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994146-sqo-prokuraturasy-ridderdegi-zeo-bassylygyna-qatysty-tekserudi-bastady/

pixel