Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі ауылдардың бірінен шақалақтың денесі табылды

Опубликовано:

нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбедегі ауылдардың бірінен шақалақтың денесі табылды. Жаңа туған нәресте полиэтилен пакетке оралып, қоқысқа тасталған, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға кеше Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылының маңында болды. Ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан пакетке оралған шақалақ тапты. Жантүршігерлік жағдай ауыл халқын аяғынан тік тұрғызды.  

“Шақалақтың денесі қоқыс полигонынан табылды. Полиэтилен пакетке салынған. Қазір қай дүкенде ондай пакеттің сатылғанын сұрап жатыр”,- дейді ауыл тұрғыны. 

Оқиғаны облыстық полиция департаменті де растайды. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

"23 қазан күні Қарғалы ауданы Полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңы "Рождество-Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонындағы қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді",- дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994150-aqtobedegi-auyldardyn-birinen-saqalaqtyn-denesi-tabyldy/

pixel