Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жарықтандыру бағанасына соғылған көлік аударылып қалды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодарда жарықтандыру бағанасына соғылған көлік аударылып қалды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінде болған. Оқиға орнынан Instagram желісінде тараған суретте апат салдарынан көлік аударылып қалғанын көруге болады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 қазан күні сағат 07.30 шамасында орын алған.

"Lexus көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жарықтандыру бағанасына соғылған. Соққыдан көлік аударылып қалған", - деді департаментте.

Көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994151-pavlodarda-zaryqtandyru-baganasyna-sogylgan-kolik-audarylyp-qaldy/

pixel