Тұман мен жел: Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұман
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады. Аймақтарда қатты жел мен тұман күтіліп отыр. Ақпарат метеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланды.

25 қазан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Ертең аталған аймақтарда екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады деп күтілуде.

Ертең Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел күтіледі.

Сейсенбі күні түнде және таңертең Абай облысының орталығында, батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

25 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Сейсенбі күні Маңғыстау облысының солтүстік-батыс, батысында, орталығында 15-20 м/с жел соғады.

25 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

25 қазан күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз тау асуларында оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994172-tuman-men-zel-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/