Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республика күні еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алматы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан тұрғындар
Алматы көшелерінің біріндегі тұрғындар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазгидромет сейсенбі, 25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда мереке күні термометр бағанасы +10...+12 градусқа дейін ғана көтеріледі. Мамандар оңтүстік астана тұрғындарын желдің 2-7 м/с дейін күшейетіні туралы ескертеді.

Астана тұрғындарын жауын-шашынсыз ауа-райы күтіп тұр, дегенмен елордада бүгін күн салқын болады. Термометр бағанасы +5...+7 градусты көрсетеді, ал желдің жылдамдығы секундына 7-ден 12 метрге дейін жетеді.

Ал Шымкентте бүгін жаңбыр жауады. Синоптиктер ауа температурасы +16...+18 градус болады деп болжайды. Жел 7-12 м/с күшейеді.

Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірлерінде бүгін 25 қазанда дауылды ескерту жарияланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994191-respublika-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel