jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Қан жағылған мата бар": Дуаланғанын айтқан атыраулық әйел бейіт басынан күмәнді заттар тауып алды (фото)

Қабір басынан табылған өртенген заттар
Қабір басынан табылған заттар. Фото: azh.kz

Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Белгісіз әйел өзінің дуаланғанын айтып, қабір басын көрсеткен, деп жазады Ақ жайық.

Қабірдің жанынан бірнеше адамның аты жазылған қағаздар, қасық, көзілдірік, қан жағылған маталар табылды. Қағазда адамның атынан бөлек оның жұмыс орны, ЖСН нөмірі, көліктің нөмірі көрсетілген. 

"Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады. Осылай адамдардың тағдырын бұзады, отбасымен араздастырады", - дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Бұл бейнежазба ел арасында қызу талқыға түсті. ҚМДБ Атырау облыстық филиалындағылар оларға әзірге мұндай арыз-шағым түспегенін айтады.

Ал Полиция департаменті "жиналған құжаттар Атырау облыстық дін істері басқармасына жолданды" деп хабарлады.

"Қан жағылған мата бар": Дуаланғанын айтқан атыраулық әйел бейіт басынан күмәнді заттар тауып алды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.