Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келінін алдап кетті": Ақтөбеде абысынымен селфиге түскен әйел банкке 2,5 млн теңге қарыз боп қалған

Опубликовано:

Селфи жасап тұрған қыз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде қайнысының үйіне қонаққа келген әйел келінінің атынан несие рәсімдеп, қомақты ақша алады. Бір қызығы, ол туысының атынан кредит алғанын ешкімге айтпаған, деп жазады Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Заречный ауылындағы қайнысының үйіне қонаққа келген 36 жастағы әйел өзінің смартфонындағы банк қосымшасына кіріп, келінінің жеке мәліметтерін енгізу арқылы несие рәсімдейді.

Осы кезде займ беруші банк несие алушының жеке тұлғасын анықтау үшін оның суретін сұраған. Сол кезде еш саспаған абысыны келінімен бірге селфи жасап, екі жарым миллион теңге несие рәсімдеп жіберген.

Бұл жағдайды ол ешкімге айтпай, сол күйі кетіп қалады. Ал өзінің кредиті бар екенін келіншек банк қызметкерлері телефон шалғанда бір-ақ білген. Ол банк менеджерлерімен бірге жағдайды нақтылап, несие алуға өтінім берген номерді анықтайды. Ал аталған номер өзінің абысынына тиесілі болып шыққан.

Алаяқтық бойынша айыпталған келіншек келінінің атынан кредит алып, оның 1 жарым миллионын электронды лотереяға салып жібергенін мойындады. Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушы айыбын бостандықта жүріп өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994223-kelinin-aldap-ketti-aqtobede-abysynymen-birge-selfige-tusken-aiel-bankke-25-million-qaryz-bop-qalgan/

pixel