Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда Республика күнінде үйленген жас жұбайлар тойды әнұранмен ашты

Опубликовано:

Әнұран айтып тұрған жас жұбайлар
Жас жұбайлар. Видеодан кадр: facebook.com/AkmaralMoldiarkyzy

Түркістанда Республика күнінде өткен жастардың үйлену тойы Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Ақмарал Молдиярқызы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының жазуынша, облыстық "Қоғамдық даму басқармасының" қызметкері Мейіржан Сайфуллаев пен жұбайы Ақботаның үйлену тойы Республика күнімен тұспа-тұс келген.

Осы орайда, жас жұбайлар мерекені ұлықтап, тойды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастауды жөн көрген.

"Естімеген елде көп", еліміздегі Әнұранмен ашылған алғашқы той, Мейіржан мен Ақботаның салтанатты түрдегі неке қию рәсімі.

Мейіржанның қызмет барысындағы патриоттық рухы отбасын құрған алғашқы күннен басталып отыр. Құтты шаңырақтың мемлекетшіл ұрпағы көп болсын!

Көпшіліктің "Патриоттық рухты ту еткен Мейіржанға көтерген шаңырағы биік, керегесі кең, іші бақыт пен шаттыққа толы отбасы болуын тілейміз!" деген батасы қабыл болсын!", - деп жазды Ақмарал Молдиярқызы.

Тойдың әнұранмен ашылғаны желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады.

"Ғажап", "Қандай күшті, барғым келіп кетті", "Мәссаған, керемет! Ерекше екен", - деп желі қолданушылары пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994274-turkistanda-respublika-kuninde-uilengen-zas-zubailar-toidy-anuranmen-asty-video/

pixel