Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министр қанша шетелдік азаматтың Қазақстанда ЖСН алуға өтінім бергенін айтты

Опубликовано:

ХҚКО
ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәжіліс кулуарында сұхбат беріп, қанша шетелдік азаматтың ЖСН алуға өтінім бергенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрысов ЖСН алуға өтінім берген шетелдіктердің нақты санын айта алмайтынын жеткізді.

"21 қыркүйектен бері 200 мың өтінім түсті (ЖСН алуға - ред.). Мұның бәрі негізінен шетелдіктерден түскен. Біздің елде іс жүргізгісі келетін немесе тұруды көздеген кез келген шетел азаматы банк есепшотын ашып, ЖСН алуға міндетті", - деді вице-министр.

Айта кетелік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік азамат ЖСН алғанын мәлімдеген болатын.

Министрдің мәліметінше, ЖСН берілген соң, шетелдік азаматтардың тіркелуі мен елде қалу мәселесін назарда ұстап отыру оңайға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994320-vice-ministr-qansa-seteldik-azamattyn-qazaqstanda-zsn-aluga-otinim-bergenin-aitty/

pixel