Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалып кеткен үш бала таулы жерден табылды

Опубликовано:

Қол ұстасқан балалар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды. Талғар ауданында үш бала белгісіз бағытқа шығып кеткен болатын, деп жазады Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, 25 қазан күні Талғар ауданының тұрғыны полицейлерге хабарласып, күндізгі сағат 10:30-да алты жасар ұлы мен кәмелетке толмаған тағы екі баланың үйден шығып, қайта келмегенін айтқан.

Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталып және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілген.

Іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылған.

Нәтижесінде, балаларды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жердегі Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен ("Табаған" бағытында) жергілікті тұрғын тапқан.

Қазіргі уақытта балалар үйлеріне аман-есен оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994348-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-us-bala-tauly-zerden-tabyldy/

pixel