Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ипотекам бар": Қаржы министрі журналистердің кредит жайлы сұрағына жауап берді

Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев, Қаржы министрі
Ерұлан Жамаубаев. Фото: gov.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп, өз басында кредиті бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдерін Қаржы министрінің несиесі бар-жоғы қызықтырған.

"Бұл банк құпиясы. Бірақ ипотекам бар, иә. Біз де қарапайым адамбыз", - дейді ол.

Айта кетелік, журналистер тарапынан мұндай сауал кезекті халықаралық қарызды ратификациялау аясында туындаған.

Бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа 2022 жылдың 24 тамызында Астана қаласында қол қойылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994352-ipotekam-bar-qarzy-ministri-zurnalisterdin-kredit-zaily-suragyna-zauap-berdi/

pixel