Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tik Tok Астана мен Алматыда өз кеңселерін ашады

Опубликовано:

Телефон экранындағы Tik Tok логотипі
Tik Tok логотипі. Көрнекі фото: Budrul Chukrut/SOPA Images/LightRocket/Getty Images

Astana Media Week аясында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions компаниясының бас директоры Анастасия Панина платформаны кеңейту жоспарларымен бөлісіп, Астана мен Алматыда кеңсе ашылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Панина Қазақстанда айтарлықтай шығармашылық аудитория тұратынын атап өтті. Оның айтуынша, адамдар бұл платформаны өз ойын білдіру үшін пайдаланады.

"Біз платформада жаңа контент жасайтын көптеген музыканттарды, мұғалімдерді, жас аналарды көріп отырмыз. Біз платформа ретінде қоғамға жақын болғымыз келеді, сондықтан осы күзде біз Қазақстанда өкілдік ашамыз. Яғни біздің Астана мен Алматыда өз кеңсеміз болады. Біз TikTok-тағы мазмұнды барынша қызықты және пайдалы етіп, білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен бірге көбірек жобалар шығаруға әзірміз", – деп сендірді ол.

Сонымен бірге, спикер TikTok Қазақстанда керемет танымал екенін атап өтті.

"Бізде авторларды дамыту бағдарламасы бар, біз қай авторлар аудиторияны қызықтыратынын қарастырамыз және оларға платформаның барлық құралдарымен танысуға мүмкіндік береміз. Біз білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге шығаратындай етіп жасаудамыз. Мәселен, "Химия" пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов химия туралы әңгімелейтін бейнероликтер түсіреді, керемет қызықты эксперименттер жүргізеді, музыка қояды. Бұл көптеген мұғалімдерге шын мәнінде шабыт сыйлайды", – деп түсіндірді Анастасия Панина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994370-tik-tok-astana-men-almatyda-oz-kenselerin-asady/

pixel