Ақтөбеде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті
Жарияланған күні:
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға қаланың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар басшылары, кәсіпкерлер, жастар өкілдері қатысты.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаланың дамуынаелеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды, Алғыс хаттарды табыстады.
“Облысқа сіңірген еңбегі үшін” мелалімен - 5, “Мәдениет саласының үздігі” медалімен - 2, “Еңбек данқы” медалімен - 1, «Қала құрметі» арнайы медалімен- 6, Облыс әкімінің Алғыс хатымен - 8, Ақтөбе қаласы әкімінің Алғы. хатымен 2 адам марапатталды.
«1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралыдекларация қабылданды, бұл тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам болды. Біздің еліміз күллі әлемге егемен болғанын жариялады. Биыл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге ұлттық мереке мәртебесін қайтарып берді.
Республика күні мерекесінің күнтізбеге қайта оралуы - ұрпақтар сабақтастығының, тарихқа құрмет көрсетудің және халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының белгісі. Егемендік алған күннен бастап біздің экономикамыз нығайып, тұрғындарымыздың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Осы жылдар ішінде ондаған ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт кешендері, тұрғын үйлер салынды. Осы жетістіктердің барлығы ақтөбеліктердің қажымас еңбегі мен бірлігінің арқасында мүмкін болды. Құрметті ақтөбеліктер!
Біз ортақ мақсат-мүддеміздің арқасында алға жылжып келеміз. Республика күні қарсаңында тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын!
Ортақ үйімізді - өз қаламызды дамыту үшін бірге еңбектенуді жалғастырайық. Әр шаңыраққа бейбітшілік, жасампазмақсаттар, жақсылық пен сәттілік тілеймін», - деп құттықтады қала әкімі Асхат Шахаров.
Іс-шара барысында танымал солистердің, шығармашылық ұжымдардың концерті өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994433-aqtobede-respublika-kunine-arnalgan-saltanatty-sara-otti/