Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірден 5 рейс кейінге қалдырылды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желі қолданушылары мен NUR.KZ оқырмандары Шымкент әуежайында рейс кешігіп жатқанын хабарлады. "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі оның ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылғанын айтты.

NUR.KZ оқырмандары "Эйр Астананың" Алматы-Шымкент бағытындағы рейсінің 14 сағаттан астам кешігіп кеткенін хабарлады. Олар әуе тасымалдаушысының кей жолаушылардың таңертеңнен бері рейс күтіп отырғанына қарамастан, ұшу уақытын сағат сайын өзгерткеніне шағымданды.

"Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында бүгін, 26 қазанда Шымкент әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты келесі рейстердің кейінге қалдырылғаны туралы мәлім етті. Олар:

  • KC969/970 Алматы-Шымкент-Алматы;
  • KC321/322 Астана-Шымкент-Астана;
  • KC971/KC972 Алматы-Шымкент-Алматы;
  • KC7227/228 Атырау-Шымкент-Атырау;
  • KC7325/7326 Астана-Шымкент-Астана рейстері.

Компания бұл рейстерді бүгін сағат 22:00-ден 23:30-ға дейін кезең-кезеңімен ұшыру жоспарланғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994450-symkentte-aua-raiyna-bailanysty-usaq-reisteri-kesikti/

pixel