Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болуы мүмкін деген күдікпен 12 адам ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті кәсіпкерлерден ақша мен мүлік бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері болуы мүмкін деген 12 адам ұстады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайты.

Қызылорда облысының прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер 18 қазан күні ұсталған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментімен арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесімен 18 қазан 2022 жылы Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктерді тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыстарды жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесі ұсталды", - деп мәлім етті Қызылорда облысының прокуратурасы ресми сайтында.

Ведомства мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынған. Қазір алдын ала тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар облыстық прокуратура зардап шеккен облыс тұрғындарының департаментке байланысқа шығуын сұрады.

"Осыған байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар немесе кәсіпкерлер болса, ұлттық қауіпсізлік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз", - деді облыстық прокуратура.

Прокуратура өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейтінін де мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994453-ontustik-qazaqstanda-uiymdasqan-qylmystyq-toptyn-musesi-boluy-mumkin-degen-kudikpen-12-kudikti-ustaldy/

pixel