Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар мен жаңбыр: Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 27 қазан күні Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашын күтіледі. Ауа райының өзекті болжамы "Қазгидромет" мемметеоқызметінің ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктер болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр жауады, ауа температурасы 8-ден 10 градусқа дейін жоғары болады, ал жел секундына 2-7 метр ұйытқиды.

Ал Астанада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Мамандардың пікірінше, елордада термометр бағаны +1...-1 градусты көрсетеді. Жел екпіні 15-20 м/с, жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Жауын-шашын үшінші мегаполис Шымкентте де күтіледі. Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, бүгін қалада жаңбыр жауып, ауа температурасы +11...+13 градусты көрсетеді. Ал жел секундына 8-13 метр ұйытқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994480-qar-men-zanbyr-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel