Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Опубликовано:

Жазық дала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдың соңына дейін қайтарылады деп жоспарланған 5 млн гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті.

Айта кетейік, осы жылдың өзінде министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері учаске иелеріне қатысты ауыл шаруашылығы жерлерін алу мен пайдаланудың заңдылығына қатысты 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы құрылған. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды.

Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды, бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994484-auyl-saruasylygy-ministrligi-5-mln-gektar-zerdi-memleket-mensigine-qaitardy/

pixel