Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айфон сатып алған": Түркістан облысының тұрғыны басшысын тонады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Полицейлердің күдіктіні ұстау сәті
Күдікті ұсталды. Фото: otyrar.kz

Түркістан облысындағы шағын ұжымдардың бірінен полицияға шағым түсті. Бетон шығаратын мекемеден бір миллион теңгеге жуық қаражат жоғалып кеткен, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кейін белгілі болғандай, белгісіз адам цехтағы сейфтен бір миллион теңгеге жуық қаражатты қолды еткен. Полицейлер ұрлық болған жерді тексеріп, іздестіру барысында сол жердегі жұмысшылардың бірін ұстады.

Аталған факт 188-бап бойыншы тіркелді.

Полиция мәліметінше, күдікті цех аумағына кіріп, сейфтің есігін талқандап, ішіндегі ақшаны алған. Кейін жеңіл жолмен тапқан ақшасына "iPhone" мен қымбат маркалы киімдер сатып алады.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994485-aifon-satyp-algan-turkistan-oblysynyn-turgyny-bassysyn-tonady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel