Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Мухоряповқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр

Опубликовано:

Рамиль Мухоряпов, кәсіпкер
Рамиль Мухоряпов. Фото: taulik.kz

Бас прокуратура өкілі қазақ тіліне қатысты пікірімен халыққа кеңінен танылған бизнесмен Рамиль Мухоряповқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек, қазір Алматы полициясы Рамиль Мухоряповқа байланысты жағдайды тексеруде.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, аталған жағдайға қатысты тиісті сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Айта кетелік, өткен аптада Chocofamily Holding негізін қалаушы әрі теңқұқылы иесі Рамиль Мухрояповтың қазақ тіліне қатысты айтқан пікірі үлкен дауға айналды.

Бизнесменнің сөзі қазақстандықтарға ұнамай қалды. Мухоряпов орыс тілін білетін қазақтар орысша сұраққа қазақша жауап берсе, бұл "ұлтшылдықтың қандай да бір белгісі" болып саналатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994527-ramil-muxoryapovqa-qatysty-zagdaidy-bas-prokuratura-tekseredi/

pixel