Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық тұрғын өзін Instagram желісінде жамандағаны үшін бұрынғы әйелін сотқа берді

Опубликовано:

Instagram белгісі
Instagram белгісі. Фото: pixabay.com

Астана қаласы Есіл аудандық соты бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты істі қарап, шешім шығарды Іс материалына сүйенсек, ер адам өзінің бұрынғы әйелін желідегі жазбасы үшін сотқа берген, деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талапкер А. сотта әлеуметтік желі арқылы бұрынғы жұбайы ар-намысына нұқсан келтіргенін айтқан.

"Жауапкер Д. өз Instagram парақшасында бұрынғы жұбайы А.-ның жеке басын теріс жағынан сипаттайтын, сондай-ақ бұрынғы күйеуінің ұрып-соққаны туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жариялағанын көрсеткен.

Хабарлама әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Сот дауды шешу үшін сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады", - деп жазды Астана қалалық соты.

Сарапшының қорытындысына сәйкес жауапкер Д. жариялаған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп танылады.

Сот ұсынылған іс материалдарын зерттей отырып, бұрынғы жұбайының талабын ішінара қанағаттандырды.

Заңнама талаптарына сәйкес, жауапкер жарияланған мәліметтердің дұрыстығын растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Ал жауапкер тиісті дәлелдемелерді ұсынған жоқ.

"Сот жауапкер Д.-ның әлеуметтік желіде жариялаған мәліметтерді ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді әрі шындыққа жанаспайды деп таныды және осы мәліметтерді жоққа шығаруды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот таратқан баспасөз хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994554-astanalyq-turgyn-ozin-instagram-da-zamandagany-usin-buryngy-aielin-sotqa-berdi/

pixel