Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмада Алматыда тұман күтіледі: ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қаладағы тұман
Қаладағы тұман. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 28 қазанда оңтүстік астанада тұман күтілетінін, осыған байланысты көлік жүргізушілеріне сақ болу қажеттігін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық ТЖД Алматыда жұма, 28 қазан күні түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал екенін атап өтті.

Осы орайда ведомство көлік жүргізушілерін аса сақ болуға шақырып отыр.

ТЖД қызметкерлері тұманды жағдайда сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, жылдамдықты асырмай, қауіпсіздік қағидаларын назарда ұстау керектігін еске салды.

"Сондай-ақ туристер мен демалушылардан таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", – деп қосты қалалық ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994600-zumada-almatyda-tuman-kutiledi-tzd-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel