Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да Сібір елігін атты деген күдікпен төрт ер адам ұсталды

Опубликовано:

елік
Елік. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында Сібір елігін атты деген күдікпен төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстаған. Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркілеген.

Сондай-ақ аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп жазады медиа портал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994618-sqo-da-sibir-eligin-atty-degen-kudikpen-tort-er-adam-ustaldy/