Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екі жігітті өлтірді деген күдікпен 9 адам ұсталды

Опубликовано:

Павлодар облысында 22 жастағы күдікті ұсталды
Полиция. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ақтөбе қаласында екі тұрғынды өлтірді деген күдікпен тоғыз адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқыққорғаушылардың мәліметінше, бастапқыда полиция аса ауыр қылмыс жасаған үш күдіктіні ұстаған. Тағы алтауы облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекенде құрықталған.

Аталған іс Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеуге алынды. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, қылмыс жасаған барлық күдікті анықталған.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысы Елек өзенінің жағасынан екі адамның мәйіті табылған еді. Олардың денесінде азаптау белгілері болған. Жантүршігерлік жайт туралы хабар полицияға кеше түскен. Ал қылмысқа қатысты өңір прокуратурасы пікір білдіріп үлгерді. Тергеу барысы қадағалау органының бақылауына алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994632-aqtobede-eki-zigitti-oltirdi-degen-kudikpen-alty-adam-ustaldy/