БҚО тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 26 қазан күні Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында болған.
"Түнгі сағат 01.00-де 51 жастағы тұрғын Х.Есенжанов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында аяқ астынан 1996 жылғы жігітпен сөзге келген. Содан кейін оның жүрек тұсына пышақ сұққан.
Соның салдарынан 26 жастағы тұрғын аудандық орталық ауруханаға жетпестен қайтыс болды. Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994635-bqo-turgyny-zas-zigitti-pysaqtap-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/