Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, көктайғақ, тұман: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

тал
Ағаш бұтағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 29-31 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы демалыс күндері ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Мәселен кей аймақтарда жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста бұрқасын күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 28 қазанда оңтүстік астанада тұман күтілетінін, осыған байланысты көлік жүргізушілеріне сақ болу қажеттігін ескерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994741-zauyn-sasyn-koktaigaq-tuman-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel