Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазнет қолданушылары YouTube жұмысына шағымдануда

Опубликовано:

YouTube белгісі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлемдегі интернет қолданушылар YouTube видеохостингінің жұмыс істемей тұрғанын айтып, шағымдануда. Қазақстандық қолданушылар да аталған сервисті қолдану қиындық туғызып жатқанын айтуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Downdetector сайтының мәліметінше, сайт пен қосымшаның жұмысына шағымдар 12 сағат бұрын түсе бастаған. Әсіресе, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде желінің қолжетімсіздігі байқалған.

Көпшілігі (қолданушылардың 40 пайыздан астамы) видеоның нашар көрсетіліп жатқанын айтқан. Ал қолданушылардың 32 пайызы смартфон мен планшеттердегі қосымшаның дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартқан.

25 пайыз қолданушы жалпы сайттың нашар жұмыс істеп тұрғанына шағымданған.

Қазақстандық қолданушылар видеоны ойнату кезінде проблемалар туындағанын және браузерлік нұсқада видеоның превьюі ойнатылмайтынын атап өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994744-qaznet-qoldanusylary-youtube-zumysynyn-nasarlygyna-sagymdandy/

pixel