Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кей жерлерде көктайғақ": ШҚО полицейлері көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ШҚО-ның полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

"Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары! ШҚО ПД ППБ қызметкерлері ескертеді! "Өскемен -Алтай" тасжолында ауа райының өзгеруіне байланысты кей жерлерде қар жауып, көктайғақ орын алғанын хабарлаймыз.

Құрметті жүргізушілер, жолға шығар алдында жазғы дөңгелектеріңізді, қыстыққа ауыстырып, жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста бұрқасын күтілетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994748-kei-zerlerde-koktaigaq-sqo-policeileri-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel