Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жауын-шашыннан кейін бірнеше көшені су басты (фото)

Опубликовано:

Ақтаудағы су басқан көшелер
Су басқан көше. Фото: instagram.com/aktau_akimat

Ақтауда нөсер жауын салдарынан бірнеше көшені су басты. Коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде, су сорылып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Ақтауда 28 қазан, жұма күні түске дейін жаңбыр күтіледі. Өңірде таңғы сағат 07:00 бастап жауын-шашынның күшеюіне байланысты коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режиміне ауысты.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер автомобиль жолдарының проблемалы учаскелері бойынша мониторинг жүргізіп, жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдіктегілер таңертең 728 текше метр суды сорып алғанын айтты. Бірқатар көшелер су астында қалды. Атап айтқанда, "Халық Арена" ғимаратының маңы, "Ak kala mall" сауда орталығы, 16-шы шағын аудандағы "Инара" тұрғын үй кешені, 19-шы шағын аудан, №1 үй, 14-ші шағын аудандағы жол және т.б.

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 60 жол жұмысшысы, ТЖД-нің тағы 8 қызметкері, сондай-ақ мотопомпалар, кәріз көлігі, ассенизатор және "ГАЗель" көлігі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994753-aqtau-noser-zanbyrdan-keiin-zuzip-zur-foto/

pixel