Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысына ғарыш кемесінің сынығы құлап, адамдар эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Ғарыш кемесінің сынығы
Ғарыш кемесінің сынығы. Фото: instagram.com/etozhez

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы далаға ғарыш кемесінің сынығы құлады. Осыған байланысты жақын маңдағы қыстақтардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ғарыш кемесінің сынықтары түсірілген видео тарады. Автордың айтуынша, ол Орынбай ауылының маңына құлаған. Тұрғындар бұл азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін деп қорқуда.

"Зымыранның бір сатысы Жаңаарқа ауданындағы Орынбай ауылының маңында құлады. Әйтеуір, ешкімнің басына түскен жоқ", – делінген видеоның астындағы жазбада.

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ғарыш кемесі сынықтарының құлау себебін айтып берді. Ведомство оның қауіп төндірмейтінін және құлаған жерден әкетілгенін айтты.

"Бұл – "Прогресс МС–21" жүк кемесінің сынығы. Ол Орынбай ауылынан 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары көшірілді. Орынбай ауылының тұрғындары көшірілген жоқ.

Роскосмос мамандары ғарыш кемесінің ұшатын күні мен уақытын алдын ала білгендіктен, оның сынықтары құлайтын жерді анықтаған. Олар учаскені күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш кемесінің бірінші сатысының сынықтары қазірдің өзінде алынып тасталды, олар қауіп төндірмейді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994771-ulytau-oblysyna-garys-kemesinin-synygy-qulady/

pixel