Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер сенбі, 29 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады "Қазгидромет" РМК.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін Астанада күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы 0-2 градусты көрсетеді деп күтіліп отыр. Желдің жылдамдығы: секундына 2-7 метр.

Синоптиктер Алматыда да күн бұлтты болуы мүмкін екенін ескертті. Күндіз ауа температурасы +12 + 14 градусқа дейін барады. Желдің жылдамдығы: секундына 2-7 метр.

Мамандардың дерегінше, бүгін Шымкентте жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 16-18 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы: секундына 8-13 метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994839-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel