Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕХӘҚМ: Жарты миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған

Опубликовано:

келісім
Көрнекі фото: pixabay.com

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 қазандағы жағдай бойынша 533 124 қазақстандық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды, олар оқытудан өтіп, бизнесті дамытуға гранттар алып, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және т.б. жобалары аясында жұмысқа орналасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ЕХӘҚМ хабарлауынша, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ғана 9 айда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 533 124 адам қамтылды. Оның ішінде 376 960 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде жастар тәжірибесі аясында 25 293 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 13 638 адам, қоғамдық жұмысқа 107 647 адам жіберілді. Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс» жобасы бойынша 3 424 қатысушы, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 425 қатысушы және «Күміс жас» жобасы бойынша 2 233 қатысушы жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтудан бөлек Ұлттық жоба аясында "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыту қарастырылған, әр өңірдің 113 265 тұрғыны қамтылып, 84 958 адам курсты аяқтаған. Жобаның ең белсенді қатысушылары Түркістан облысының тұрғындары болды, оның ішінде 23 711 адам оқумен қамтылды. Екінші орында Жамбыл облысы – 19 031 жоба қатысушысы, белсенділік бойынша Қызылорда облысы үшінші орында – 14 381 қатысушы. Кәсіпкерлік негіздері курсына Шымкент қаласынан 11 492 адам, сондай-ақ Алматы облысының 7 682 тұрғыны, Шығыс Қазақстан облысының 4 769 тұрғыны, Ақтөбе облысынан 4 216 тыңдаушы қабылданды.

Одан бөлек 9 ай ішінде 12 051 адам өз ісін ашуға грант иегері атанды. Грант алушылардың саны бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр, мұнда 2280 адам бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған. Жамбыл облысының тұрғындарының ішінде 1497 адам, Түркістанда – 1441, Алматыда – 759 және Шығыс Қазақстанда – 708 адам грант иегері атанды.

Еске салайық, алғашқы бизнесті дамытуға грант тегін беріледі. Грант алуға тіркелген жұмыссыздар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, кәсіпкерлікпен айналысқанына 3 жылдан аз жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін тұлғалар өтініш бере алады.

Сонымен қатар өтініш берушілер келесі әлеуметтік санаттарға жатқызылуға тиіс: 29 жасқа дейінгі жастар немесе халықтың әлеуметтік осал топтары (атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек жандар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы)).

Грант сомасы 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін немесе 2022 жылы 1 225 200 теңгеге дейін құрайды.

Грант алу шарттарымен «Business.Enbek.kz» порталында таныса аласыз және өтініш бере аласыз.

Ұлттық жобада сұранысқа ие дағдылар мен кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқыту да қарастырылған. Мәселен, жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарына оқуға 10 604 жұмыссыз жіберілді, 4 599 адам оқуды аяқтады, оның 3 704-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту белсенді шарасы жүзеге асырылуда, бұл оқумен 18375 адам қамтылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 11 қазандағы үкімет отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей, Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ұлттық жобалар мен басқа да жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Бұл әрбір 10 мың қазақстандыққа 100 жұмыс орнын құру, бар бос және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіру.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы айта келе, ЕХӘҚМ басшысы ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру бойынша жоспарланған көрсеткіш 75,6 пайызға орындалғанына назар аударды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы ең нәтижелі болды. Олар ұлттық жобалар аясында ашылған барлық жұмыс орнының 92%-ын құрайды. Қалғандары үшін құрылған жұмыс орындарының саны 492-ден 6,2 мыңға дейін.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова мәлімдегендей, қазақстандық еңбек нарығында барлық негізгі көрсеткіштің тұрақтылығы байқалады. Жұмыс күшінің өсу көлеміндегі өзгерістерді атап өтуге болады, ол айтарлықтай өсу бағытында өзгеруде. 2021 жылы еңбек ресурсының өсімі 76 мың адамды құрады, ал 2016-2020 жылдар аралығында бұл көрсеткіш ЕХӘҚМ мәліметі бойынша екі есеге аз болды. Сондай-ақ еліміздің еңбек нарығындағы жұмыс күші құрылымында жастардың үлес салмағының артуы байқалады. Сондықтан жастарды басты назарға ала отырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көптеген шарасы түзетілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994860-exaqm-zarty-millionnan-astam-qazaqstandyq-zumyspen-qamtuga-zardemdesu-saralarymen-qamtylgan/

pixel