Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 4000-нан астам тексеру жүргізді

Опубликовано:

құрылыс
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда 2022 жылдың тоғыз айында мемлекеттік еңбек инспекторлары төрт мыңнан астам тексеру жүргізді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінен.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте мемлекеттік еңбек инспекторлары ел кәсіпорындарында 4023 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 6825 бұзушылық анықталса, оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 4573, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2103, халықты жұмыспен қамту бойынша – 149 келеңсіздік белгілі болып отыр.

Жұмыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 2 мыңнан астам ұйғарым беріліп, 318 миллион теңге сомасына 1400-ден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 22547 өтінішін қарап, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 866 арнайы тергеу жүргізді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың тоғыз айында еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен (2021 жылы – 1061 адам).). Оның ішінде 134 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінен 4,3%-ға төмен (2021 жылы –140 адам).

Өндірісте жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (34,9%); жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (28,3%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,1%); авто-жол қағидаларын бұзу (9,1%).

Бұрынғысынша, еліміздің 136 адам зардап шеккен Қарағанды, Шығыс Қазақстан-120, Қостанай – 93, Ақтөбе – 84, Павлодар – 82 облыстары және Алматы қаласы – 79 адам сияқты өнеркәсіптік өңірлерінде жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталуда.

Бұл ретте зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен мен металлургия кешені кәсіпорындарында – 16,4% және құрылыс саласында – 12,3% байқалады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 109 лауазымды адам атқарған лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 744 материал жіберіліп, олар бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайының нақты жай-күйін бағалау үшін 4133 өндірістік нысанды аттестаттау жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті жұмыс берушілерге еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдауға күш салуда.

Мәселен, 2019 жылдан бастап «Vision Zero – нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда оған 332 кәсіпорын қосылды.

Өңірлердің әкімдіктері ең көп жазатайым оқиғаларға жол берген жұмыс берушілермен бірлесіп, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жекелеген жоспарларын әзірледі. Мұндай жоспарлар республиканың 173 кәсіпорнында бекітілген.

Сондай-ақ, елімізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған «Халықтық бақылау» жобасы іске асырылуда. Кәсіпорындарда «халық бақылаушылары» ретінде мүгедектігі бар адамдар, оған мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде жалпы аурулар бойынша да мүгедектігі бар жандар тартылуда. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен олар цехтарда болып жатқан оқиғаларды ауысыммен бақылайды және барлық қауіпсіздік бұзушылықтарын қадағалайды.

Бүгінгі таңда жобаны іске асыруға еліміздің 212 кәсіпорны қосылып, онда 500-ден астам қызметкер ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс берушілер үшін «Онлайн еңбек кеңес берушісі» қызметі қолжетімді. Бұл сервис еңбек инспекторын алмастыра алады және интерактивті режимде жоспарланған немесе орындалған рәсімдердің дұрыстығын тексере алады.

Кінәраттар анықталған кезде жұмыс берушіге оларды жою бойынша нақты іс-қимыл алгоритмдері ұсынылады. Қазіргі уақытта мұндай өзін-өзі тексеруден 13459 адам өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994884-qazaqstanda-memlekettik-enbek-inspektorlary-zyl-basynan-beri-4000-nan-astam-tekseru-zurgizdi/

pixel