Жексенбіде Қазақстанның үш мегаполисі мен ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 30 қазан жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі.
Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ метеорологтар бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қандай болатынын болжады.
Мамандардың мәліметінше, жексенбіде Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сонымен қатар оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, екпіні 3-8 м/с болатын жел тұрады. Түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болмақ.
Шымкентте де бүгін көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Одан бөлек батыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде 6-8, күндіз 10-12 градус жылы болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994901-zeksenbide-qazaqstannyn-us-megapolisi-men-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/