Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицейлер футбол жанкүйерлерінің арасындағы жанжалды тоқтатты

Опубликовано:

доп
Доп. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте полиция қызметкерлері "Ақтөбе" мен "Ордабасы" футбол командаларының жанкүйерлері арасында туындаған жанжалды тоқтатты, деп хабарлайды POLISIA.KZ телеграм-арнасы.

Полицияның мәліметінше, 29 қазан күні сағат 17.30-да 102 арнасына Шымкент қаласының тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында жастардың жиналғаны туралы хабарлама келіп түскен.

​Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) А.Байтұрсынов көшесінің бойында Шымкент қаласының 10 тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) жолықтырып, араларында жанжал туындаған.

Жанжалды оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатқан.

"Аталған тұлғалардың барлығы Шымкент қаласы ПД әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымдары жоқ екенін айтты. Барлық жеткізілген тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994932-symkenttik-policeiler-futbol-zankuierlerinin-arasyndagy-zanzaldy-toqtatty/

pixel