Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қыс
Қыс. Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Дүйсенбі, 31 қазан күні Алматы мен Астанада жауын-шашын болады, ал Шымкент тұрғындарын жылы әрі құрғақ ауа райы күтеді. Өзекті ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, Алматыда ауа райы жаңбырлы болады. Бірақ нөсерге қарамастан ауа температурасы +9...+11 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік астанада жел жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейінгі аралықта болады.

Бүгін астанада жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, елордада термометр бағаны +3 градустан +5 градусқа дейін көрсетеді. Сондай-ақ, елордада жел секундына 9-14 метр ұйытқуы мүмкін.

Ал Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +12...+14 градусты құраса, жел жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994955-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel