Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол біздің қорғанымыз еді": БҚО-да көз жұмған бұрынғы полицеймен қоштасуға 400-ге жуық адам келді

Опубликовано:

Мирхан Хамзин
Мирхан Хамзин: mgorod.kz

26 қазан күні Батыс Қазақстан облысының Чапаево ауылында бұрынғы полиция қызметкері Мирхан Хамзин кісі қолынан қаза тапты. Бұрынғы полицейді соңғы сапарға шығарып салуға 400 адам жиналған, деп хабарлайды Мой город.

Марқұмның әпкесі Гүлфайруздың айтуынша, қайғылы жағдай орын алатын күні Мирхан достарымен моншадан шығып тұрған. Сол сәтте егде жастағы ер адам оларға тиісе бастайды. Жанжал соңы төбелеске ұласып, ер адам Мирханның жүрек тұсына пышақ тығып алады.

"Ол біздің қорғанымыз, тірегіміз еді. Артында екі баласы мен әйелі, ата-анасы қалды. Достары көп болатын. Қоштасуға 400 адам жиналды. Ол отбасылық жағдайға байланысты қызметтен кеткен еді. Енді мәңгілік жүрегімізде қалады. Өкініштісі сол, күдіктінің адвокаты істің бағытын өзгертіп, адам өлімі туралы баптан алып тастауға әрекеттеніп жатыр. Ол өзін қорғау мақсатында пышақ жұмсады деп, өзгертпекші", - дейді марқұмның әпкесі.

Мирхан Хамзинді дереу ауруханаға апарғанымен, ол Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жетпей, көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994974-ol-bizdin-qorganymyz-edi-bqo-da-koz-zumgan-buryngy-policeimen-qostasuga-400-ge-zuyq-adam-keldi/

pixel