Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көше сыпырғаны рас па": Желіде Қызылордадағы мектеп мұғалімдеріне қатысты ақпарат тарады

Опубликовано:

Көше сыпырып жүрген әйелдер
Қаладағы сенбілік. Скриншот: instagram/kritikakyzylordy

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласындағы мектеп директорлары мен мұғалімдердің көше сыпыруға шыққаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы opennews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мынау не мазақ? Барлық мектеп директорлары мен орынбасарларын жаппай жұмыс уақытында сенбілікке шығарып отыр. "Олжас" жанармай құю бекетінен бастап, шыны зауытына дейінгі көше мен барлық үйлердің қабырғаларын әктеп, вороталарын бояп, үй иелеріне мазақ болып жүрміз.

Педагог мәртебесі туралы заңымыз қайда қалды? Әр сенбі, жексенбі күндері мұғалімдер, мектеп директорлары мен орынбасарлары балаларының қасында болуы керек дегендері қайда? Біз балаларға білім береміз бе, әлде әркімнің үй жанын тазалап беру үшін жүрміз бе? Осы мәселені қарастырсаңыздар екен",- деп жазылды Критика Кызылорды парақшасында.

Opennews.kz мәліметінше, бұл жағдайға қатысты қалалық білім басқармасы пікір білдірген.

"Бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша тазалық айлығы өтуде, аталған шараларға педагогтер жұмылдырылмаған. Бұл мәселе тұрақты түрде бақылауда болады", - деген сала өкілдері бұл мәселені жоққа шығарып отыр.

Айта кетелік, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді өзіне тән емес функцияларды атқаруға жұмылдырылғандар заң аясында жазаға тартылатынын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995015-kose-sypyrgany-ras-pa-zelide-qyzylordadagy-mektep-mugalimderine-qatysty-aqparat-tarady/

pixel