Қостанай облысында алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қаржы мониторингі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехті анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА дерегіне сүйенсек, тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленген.

"Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - агенттік таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995036-qostanai-oblysynda-alkogol-onimderin-daiyndaityn-zasyryn-cex-tabyldy/