Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Опубликовано:

Хаменова
Сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ AtyrauPress.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін 31 қазанда Атырау қаласының №2 сотында Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды.

Прокурор Лаура Асанова Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілеп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл жаза беруді және жазаны өтеу орны ретінде қауіпсіздігі орташа мекемені белгілеуді сұрады.

Сондай-ақ прокурор Хаменованы "Құрмет" орденінен айыруды, сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұрады.

Прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті де 7 жылға, ал пара берді деп айыпталған Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты тергеу 2021 жылдың желтоқсан айында басталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

ЖШС директоры Өміртай Адамов болса, пара берді деп айыпталып отыр.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995042-prokuror-baqytgul-xamenovany-zeti-zylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/

pixel