Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер қарашаның басында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Ағаш бұтағы
Ағаш бұтағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 1-3 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің боламынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Мәселен, 1 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 2-3 қарашада елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ, республика бойынша тұман, көктайғақ, Қазақстанның солтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі.

Оңтүстік аймақтарды қоспағанда, ел аумағында 1 қарашада күндіз 10-22 градус жылы болса, 2 қарашадан бастап ауа температурасы 5-13 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995052-sinoptikter-qarasanyn-basynda-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel