Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады

Опубликовано:

Жастар арасындағы төбелес
Жастар арасындағы төбелес. Видеодан кадр: T.me/POLICE_of_KZ

Қазнетте Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Бұл жайтқа қалалық полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, төбелес 30 қазан күні таңғы 9.00 шамасында алдын ала мәлімет бойынша бір-бірін танитын жастар арасында болған.

"Оған себеп – жігіттердің бірі мен оның сүйіктісінің арасындағы ұрыс. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу органдары заңды бағасын беретін болады", - дейді полиция өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі колледждің студенттері арасында жаппай төбелес болып, оларды полиция қызметкерлері ажыратқаны жайлы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995054-aleumettik-zelide-almatyda-bolgan-zappai-tobelestin-videosy-tarady-video/

pixel